СОТ СУДЬЯЛАРЫНА АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ
Судья үшін әрбір қараған ісінің нүктесін қою, шешімін шығару оңайлыққа түспесі анық. Ал, судья болып шешім шығару - адамнан үлкен жауапкершілікті, тыңғылықты жұмысты, зерделік пен парасаттылықты, адалдық пен ұстамдылықты, көрегенділікті талап етеді.
Сот процестері бойынша шешім шығарған кезде екі тараптың біреуінің жеңіліс табатыны бесенеден белгілі. Сондықтан сотта жеңілген тарап әртүрлі сөз шығаратыны да өтірік емес. Соған қарамас¬тан Қызылорда облыстық соттарында жұртшылықтың ықыласына бөленіп жүрген судьялар жетерлік. Оған дәлел ретінде жан-жақтан келіп түсетін қарапайым халықтың алғыс хаттарын айтуға болады.
Жуырда Қызылорда облыстық сотының кассациялық сот алқасының судьялары Н.Қайырбеков, С.Жуынтаева, М.Ахметовтерге әділдіктің ақ туын орнатқаны үшін, жүрекжарды алғыс хат Қызылорда қаласының тұрғыны Азисова Хадиша Усентаевадан келіп түсті.
Хат иесі кассациялық сот алқасының судьяларына адамгершілік пен азаматтықтығына алғысын білдіре отырып, халыққа, заңға қызметтеріңіз жасай берсін, мемлекеттік қызметтің биік шыңынан көрінулеріне тілегін жеткізді.
«Батамен ел көгереді» демекші, ел батасы мен оның алғысына бөлену сот қауымы үшін аса маңызды. Қызылорда облыстық соты төрағасының хат қоржынына түсетін, осындай ізгілікке бөленген жандардың алғыс хаттары сот әділдігінің жүзеге асып жатқанының тағы да бір айғағы секілді.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы, Арал ауданының тұрғындары Қуаныш Маханов пен Рахмет Тоқсанбаевтан Арал аудандық сотының төрағасы Ермек Тұрбаевтың атына түскен хатты ерекше атап өту орынды.
Хат иелері алғыс хатын: «Сот жүйесіндегі күнделікті жаңалықтарды, игі бастамаларды жергілікті, республикалық басылым беттерінен үнемі оқып, сот жүйесінің бүгінгі күні жетістіктеріне толықтай қанықпыз», - деп бастаған.
Алғыс білдірушілер Арал аудандық сотына полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне қатысты арызы бойынша жүгінген. Қарапайым халықтың құқығы қорғалғанына шексіз ризашылығын білдірген олар, осы соттың төрағасы Е.Б.Тұрбаевтың білімділігі мен біліктілігіне тәнті болғанын жеткізген.
Хат соңын облыстық сот төрағасына бағыттаған Қуаныш Маханов пен Рахмет Тоқсанбаев: «сөзімізді түйіндей келек, Сот саласының өркендеп, қарыштап дами беруіне тілектестігімізді білдіріп, осы соттың төрағасы мен судьялары секілді білікті, білімді судьяларыңыз көбейе берсін демекпіз» - деп түйіндеген.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі