«ҰШҚЫН» ҰЙЫМЫ ӨЗ ӨНІМДЕРІМЕН ҚАМКӨҢІЛ ЖАНДАРДЫ ҚУАНТЫП ЖҮР
Қызылордадағы №1 мектеп жанындағы аула клубында «Ұшқын» мүгедектердің құқықтарын қорғау және оларды қолдау қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті.
Шара барысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі 40 адамға жатын жиһаз сыйлады. «Ұшқын» ҚБ-нің төрағасы Бақыт Жұмашевтің айтуынша, ұйым қызметкерлері үшін қайырымдылықпен айналысу дәстүрге айналған. Әр ай сайынғы кірістің 30 пайызын көмекке мұқтаж кісілерге береді. Мұнда 52 адам еңбек етеді, оның 48-і – мүмкіндігі шектеулі жандар.
Кәсіпорын жиналған ақшаға қажетті материалдарды сатып алып, одан жатын жиһаздар жасап, арбаға таңылғандарға сыйлайды. Бұдан басқа, мұнда пластик терезе, жарнамалық билбордтар дайындайды. Жақында ғана Қазалы ауданына 64 матрас пен кереует жөнелтті. Ал жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 411 адамды қуантқан.
Назерке САНИЯЗОВА