МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАР КЛУБЫ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРУДА
Қызылордада ерікті жастардың жұмысы нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі жастар клубына мүше болғысы келетін 60 жастың тізімі әзірленді.
БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы мен «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігі арасындағы келісім негізінде «Мүмкіндігі шектеулі жастардың клуб қызметін ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылуда. Жоспарға сәйкес клуб мүшелері ұжымда қарым-қатынас орнату әдістерін, іс-қағаздармен жұмыс жасауды үйренді. Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіншілігімен танысты. «Ұжымдағы қарым-қатынас психологиясы» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг, "ҚР еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қатынастарын реттеу" және «Интернет ресурстарды тиімді пайдалану, компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасауды үйрету» тақырыптарында семинар-сабақтар ұйымдастырылды.
Семинар-сабақтарды тәжірибелі мамандар жүргізіп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Жыл соңына дейін клуб мүшелері құқықтық бағытта оқу курстарынан өтіп, тәжірибелерін ары қарай жетілдіретін болады.