ҚЫЗЫЛОРДАДА «ОТБАСЫ КҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
2013 жылдан бері елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні тойланып келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекет отбасыдан басталатынын, қоғамдағы жанұялық құндылықтарды нығайтудың маңызы зор екенін ескере отырып, «Отбасы – Отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады», - деп атап көрсеткен болатын.
Мереке қарсаңында ҚР Ішкі істер министрлігі 10-12 қыркүйек күндері «Отбасы күні» акциясын өткізуде. Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларына жұртшылықтың және басқару органдарының назарын аудару, қоғамда әріптестікке және қарым-қатынастың зорлық-зомбылық тәсілдерін мойындамауға негізделген отбасы қарым-қатынастарының мәдениетін қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсету.
Акция аясында ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының атқарушы директоры Э.Тұсмағамбетова және облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Ақиқат алаңы» ток-шоуына қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бағдарламада әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, моральдық дене зардабы жайы және бүгінгі күнгі өзекті мәселелері жөнінде сөз болды.
Одан кейін акция білім беру орындарындағы студент және оқытушылар қауымымен дөңгелек үстел, пікірталас ұйымдастырумен жалғасын тапты. Атап айтатын болсақ, 2014 жылдың 10 қыркүйек күні Қызылорда облыс әкімінің көмекшісі, облыс әкімдігі аппараты жанындағы қоғамдық келісім орталығының басшысы Р.Қ.Ахметова, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының атқарушы директоры Э.Тұсмағамбетова және «Батыр Ана» қоғамдық бірлестігі мамандарымен бірге полиция қызметкерлерінің қатысуымен Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенттері мен оқытушылары арасында дөңгелек үстел өткізіледі. Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңының 20-бабының нормалары түсіндіріліп, бүгінгі күнгі өзекті мәселелер, дәстүрлік отбасы құндылықтары мен адамгершілік қалпын жандандыру жөнінде әңгімелер жүргізіледі. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының және аудандық білім беру орындарында «Дәстүрлік отбасы құндылықтар» тақырыбында сынып сағаттары, кездесулер өткізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі