ЕҢ ҮЗДІК ҚАЗАҚ ТІЛДІ МЕКЕМЕ
Қызылорда облысында өткен «Ең үздік қазақ тілді мекеме» облыстық байқауында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті І орынды жеңіп алып, «Ең үздік қазақ тілді мекеме» атанып, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 34 облыстық және аумақтық мекеме қатысты. Байқауда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында атқарылған жұмыстар сараланды.
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде құжаттар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 8,9,10,11 және 21 баптарына сәйкес жүргізіледі, шығыс және ішкі хат-хабарлар 100 %мемлекеттік тілде орындалады. Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталуда.
Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы