ОБЛЫСТЫҚ СОТТА БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУРЕТ САЛУДАН БАЙҚАУ ӨТТІ
Қызылорда облыстық соты мен ҚР Судьялар Одағының облыстық филиалы облыстың судьялар мен сот қызметкерлерінің балалары арасында «Тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында сурет салудан шығармашылық байқау ұйымдастырды.
Байқауға 45 бала қатысып, Тәуелсіздік жайлы өз шығармашылық туындыларын ұсынды. Қатысқан балалардың ең кішкентайы 4 жаста болса, үлкені – 13 жаста. Байқау жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. 6-8 жас аралығындағы балалар арасынан 1 орынды Бүркіт Бейбарыс Ғалымбекұлы, 2 орынды Зұлхарнай Нұрай Артурқызы, 3 орынды иегері Абу Сания Айбекқызы иеленді. Ал 8-10 жас аралығындағы балалар арасынан 1 орынға Маратова Дильназ Тимурқызының еңбегі лайық деп табылды. 2 орын Төлеген Сұлтанмахмұт Әділханұлына бұйырды. 3 орынды Өтешов Мақсат Қыдырәліұлы жеңіп алды.
10-13 жас аралығындағы балалар арасынан 1 орынды Есенгелді Нұрасыл, 2 орынды Өмірзақ Дәулет Бауыржанұлы, 3 орынды Райымбекова Құралай иеленді.
«Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан» балалардың сурет салу шығармашылық байқауында белсенділік танытқаны үшін «Алғыс хатпен» 5 жасар Мәжит Мерей Сәбитқызы, 4 жасар Төлеген Есімхан Әділханұлы мен Амангелдіқызы Асылтас марапатталды. Жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, арнайы дипломдар тапсырылды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі