СЫР ӨҢІРІНДЕ ДЕ ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫ СӘТТІ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 2012-2013 оқу жылынан бастап 9 мамандық бойынша PhD докторантураның білім беру лицензиясы алынып, алғашқы докторанттар оқуға қабылданды.
2015 жылдың 19 желтоқсан күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің докторанты Ұлбосын Сарабекова Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің жанындағы Диссертациялық кеңесте 6D073000-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «Асфалтты-парафинді шайыр қалдықтары негізінде асфальтобетон технологиясы (Қызылорда облысы Құмкөл кен орны мәліметтері негізінде)» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми кеңесшісі т.ғ.д., профессор, ҚР ҰИА академигі Қылышбай Бисенов докторанттың ғылыми жаңалықтарына тоқтала келіп, асфальтты бетонның ұсынылған технологиясын өндіріске ендірген жағдайда қол жеткізетін экологиялық және экономикалық тиімділік артып, қымбат тұратын тауарлы битумды асфальтты - шайырлы парафинді мұнай қалдығымен алмастыру 1 км жол жамылғысына есептегенде 1,3 млн.теңге үнемдеуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Сонымен қатар диссертациялық жұмысқа Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінің профессоры, т.ғ.д. Д.В.Орешкин ғылыми кеңесшілік жасаған.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін биыл бітірген 7 докторанттың арасынан алғаш рет диссертациялық жұмысын сәтті қорғаған Ұлбосын Сарабекова – Сыр өңіріндегі іргелі жоғары оқу орны ұжымы үшін үлкен мақтаныш!