ҚЫЗЫЛОРДАДА «АНА ҮЙІ» АШЫЛДЫ
Қызылордада тағы бір «Ана үйі» ашылды. Дағдарыс орталығы тағдыр тәлкегіне түскен әйелдерге көмек көрсетеді. Қазір мұнда елуден астам адам бар. Оларға материалдық, психологиялық және құқықтық тұрғыдан қолдау жасалуда. Сәбилердің сыңғырлы күлкісі мен іңгәлаған нәрестелер. Мұнда жиырмадан астам бүлдіршін бір үйдің балаларындай асыр салып жүр. Олардың аналары да өзекті өртеген өткен күндерді ұмытуға тырысады. Мәселен, Динара 23 жаста. Бойжеткен Қызылордаға Шымкенттен келді. Тұла бойы тұңғышын да осында босанды.
Динара, жас ана: - Астанада бір жігітпен таныстым. Тастап кетті. Менің Шымкентте өзімнің үйім бар. Ағаларым бар. Сол үйіме бардым, қабылдаған жоқ, кіргізген де жоқ.
«Ана үйіндегі» қыз-келіншектердің ішіндегі ең жасы – Гүлнәр. Оның жасы 17-де. Бала махаббаттың тәтті сезімдеріне арбалған арудың да тағдыры жеңіл емес. Ол құлыншағын құндақтаған күйі далада қалды.
Гүлнәр, жас ана: - Мен өз қызыма құдайдан бақыт сұраймын. Қызымды ешқашан тастап кетпеймін. Үйдегілер менен бас тартса да, мен қызымнан ешқашан бас тартпаймын.
Қоныстанушылар 1,5 жылға дейін осы жерде күнелте алады. Осы мерзім ішінде олар аспазшы, тігіншілікке маманданады. Балаларының әкесінен алимент өндіріп алуға жәрдем беріледі. Қазір мұнда 50-ге жуық қыз-келіншек бар. Аналар бөбегінен безінбеу үшін ашылған орталықта, өкінішке қарай, бос бөлме жоқ. Қиындыққа тап болған бұрымдылармен психолог мамандар жұмыс істейді.
«24 кз»

Комментарии 2