ЖАСӨСПІРІМ АНАЛАРДЫҢ БАЛАДАН БАС ТАРТУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ДАҒДЫЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығында 15-18 жас аралығындағы аналардың баладан бас тартуының алдын алу бағытындағы қызмет көрсету дағдыларын дамыту мақсатында көпшілік шара өтті.
Оған қаладағы №2, 3, 4, 6 емханалар, облыстық, қалалық перинатальды орталықтар, «Сәбилер үйі» мекемесінің мамандары, қауіп тобындағы қыз-келіншектер қатысты. Шараны облыстық жастар денсаулығы орталығының директоры Ж.Қалмақова ашып, сөз сөйледі. «Чернобыль және Арал балалары» ҚҚ-ның атқарушы директоры Қ.Исаева арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажетті әдістемелік материалдармен таныстырды.
Медициналық-әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету жөніндегі мобильді топ пен мемлекеттік медициналық мекемелердің мамандары өзара тәжірибе бөлісті. Қатысушыларға әдістемелік құралдар үлестірілді.