«ӨЗ ӨМІРІҢДІ КӨРКЕМДЕ!» АКЦИЯСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында республика көлемінде «Өз өміріңді көркемде!» акциясы өткізілді.
Аталған акция шеңберінде Студенттер сарайында Қызылорда облысының ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Н.Ибраевтың, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті басшылығы мен оқытушылар құрамының, Сыр өңірінің белді спорт шеберлері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелерінің, қоғамдық ұйым өкілдері, 500-ге жуық университет студенттері мен оқушылардың қатысуымен жиын өткізілді.
Жиын барысында департамент басшылығы баяндама оқып, жиналғандарға нашақорлықпен күрес бағытында атқарылып жатырған жүйелі жұмыстар, жыл басынан осы бағытта орын алған құқық бұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттер жайлы ақпараттар беріп өтті. Сонымен қатар, университет ректоры хатшысының, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің жастарға арналған үндеулері, ақыл-кеңестері тыңдалды.
Шара соңында полиция қызметкерлері барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, жастарды есірткіден азат қоғамды қалайтындықтарын білдіріп, халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі