ТАНЫМАЛ ЖАНДАР ТАБЫСҚА ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫН АЙТЫП БЕРДІ
«Тұран» өңірлік даму» қоғамдық қоры және «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің Студенттер сарайында облыс жастарына арнап бейресми форум ұйымдастырды.
Мұндай форматтағы конференциялар әлемнің дамыған елдерінде, мегаполистерде тек лайықты идеялар тарату мақсатында жетекші ойшыл спикерлердің, жетістікке жеткен адамдардың қатысуымен өтіп тұрады. Форумда «Өрлеу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов, ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының екі дүркін чемпионы Алмас Өтешов, Ұлыбританияның «Haileyburu Astana» мектебінің сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Гэретс Стемп табысқа жету формулаларымен бөлісті.
- Галстуксыз жиынды өткізудегі басты мақсат – жаңаша ойлауға бағыт беру, халықтың мотивациясын көтеру, тиімді шешім қабылдап, жетістікке жетуге қозғау салу. Мұндай тақырыптар, әсіресе, дағдарыс жағдайында аса маңызды. Идеямызды қолдап, бас демеуші болған «Каспий Банкке», форумның жақсы деңгейде өтуіне үлес қосқан университет басшылығына алғыс білдіремін, - дейді «Тұран» өңірлік даму» қоғамдық қорының директоры Жасұлан Серіков.