ҚАЗАҚСТАНДА ҚАМАУДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТЫЛУЫ 54%-ҒА ЖЕТТІ
Ағымдағы жыл ішінде қазақстандық қамаудағылардың еңбекпен қамтылуы 54%-ға дейін өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Бас прокуратура жетінші департаментінің бастығы Серікбай Ерімбетов хабарлады, - деп жазады ortcom.kz.
«Қазақстан-2050» стратегиясында Елбасы отандық қылмыстық сот ісін жүргізу, қылмыстық-атқару заңнамасы дамуының негізгі жолдары айқындалған. Тап сол кезде Бас прокуратура «Түрмелердің орнына – пробация мен электронды білезіктер» атты тұңғыш форумға бастама берген болатын. Форум аясында «Түрмедегі зорлық-зомбылықты төмендетудің 10 шарасы» жобасының тұсауы кесіліп, оны іске асырудың кезеңдік жоспары ұсынылды. Оның басты мазмұнын Елбасының 2017 жылға қарай Қазақстанды қамаудағы адамдардың саны жағынан көшбасшы 50 елдің қатарынан шығару бойыша тапсырмасы құрады», - деп хабарлады Серікбай Ерімбетов.
2013 жылдан бастап халықаралық түрме рейтингісінде Қазақстан 35 орыннан 55-ге көтерілді. «Колониялардағы жұмыспен қамту – 2017» екінші форумы еңбекпен қамту мәселелеріне арналды. Соның нәтижесінде қабылданған шаралар 2018 жылға қарай еңбекке жарамды қамаудағылардың 75% астамын жұмыспен қамтуы тиіс.
11 желтоқсан күні Бас прокуратурада түрме реформасының үшінші форумы өтеді. Оның тақырыбы «Қайта әлеуметтендіру: сен қоғамға керексің».