АУЛА КЛУБТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында биыл сәуір-қараша айларында Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры «Қаладағы аула клубтарының қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасын жүзеге асырды.
Жоба аясында 6 аула клубы ашылып, спорттық, шығармашылық, мәдени-көпшілік 50-ге жуық шара ұйымдастырды. Қазіргі заман биі бойынша 6 байқау, түрлі тақырыптарда жас суретшілер мен қолөнер көрмелері өтті.
Аула клубтарының жетекшілері мен үйлестірушілері үшін семинарлар болды. Семинар барысында қатысушыларға әдістемелік-нұсқаулықтар үйлестірілді. «Ең белсенді аула клубы» қалалық байқауы өтіп, жеңімпаздар және қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
«Самұрық» ИИДО» қоғамдық қоры