ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 300 КГ-ДАН АСА ЕСІРТКІ ШЫҒАРЫЛДЫ
Қызылорда облысының полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан үш жүз келіден аса есірткі затын шығарды. Бұл туралы облыстық ІІД ЕКБ басшысы Нұрлан Ыбраев мәлім етті.
«Биылғы жылы қылмыскерлерден тәркіленген есірткі көлемі былтырғы жылдан әлдеқайда көп, - дейді ол. – Ол кезде қорытынды сан сегіз айдың нәтижесі бойынша 236 кг болған. Одан бөлек, қазірде бірнеше есірткі алқаптары өртелгенін атап өткім келеді, онда 28 мың түп есірткі өсімдіктері отырғызылған».
Сонымен қатар Қызылордада аса ірі көлемде есірткі сақтайтындарды аулау жиілеген. Жыл басынан бері жиырмадан аса осындай оқиға тіркеліпті. Оған қоса полицейлер 25 рет есірткі саудасының жолын кескен. Тағы бір атап өтетін жайт, өңірде медициналық мекемелерде тіркеуде тұрған нашақорлардың саны азайған. Бір өкініштісі, олардың арасында жеткіншектер де, әйелдер де бар.