БАЛАЛАРМЕН ПСИХОДИОГНОСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОКОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ҚАРАСТЫРДЫ
Қызылордадағы №197 мектепте облыстық оқу орталығы «Ерекше қадағалауды қажет ететін балалармен психодиогностикалық және психокоррекциялық жұмыс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық әдістемелік-тәжірибелік семинар ұйымдастырды, - деп хабарлады «Қоғам» телеарнасы.
Жалпы білім беретін ұймдарда психикалық қызмет жұмысын жандандыруға ерекше көңіл бөлу бүгінгі күн тәртібінде тұр. Семинардың өткізілуі де осы мақсаттан туындаған. Психологиялық зерттеу, түзете-дамыту, сүйемелдеу, ағартушылық бағытындағы жұмыстармен тәжірибе алмасу балалармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстар семинардың тіні болды. Балалар мен жасөсіпірімдер арасында келеңсіз көріністер, ауыр дерттер белең алып келеді. Мұнымен тек мектеп психолгтары ғана емес ата-ана, мектеп ұжымы , жалпы қоғам болып күресу керек.
Практикалық психологияда ассоциативті карталар психодиагностикалық және психокоррекциялық бағытта қолданып келеді. Бұл әдістеме арқылы балалар өздерін еркін сезінуге, ойларын ашық айтуға, және белгілі бір туындаған жағдайлардан ұтымы шығу жолдарын табуға мүмкіндіктері кеңінен ашылады.