ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАМАҒАН 306 ШЕТЕЛДІК АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда облысы аумағында 07-09 желтоқсан аралығында Көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мигрант» жедел-профилактикалық шарасы өткізілген болатын. Аталмыш профилактикалық шарасының 3 күнінде 306 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, шетел азаматы бола тұрып, өзіне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасы шегінен шығарып жіберу жайлы шешімді орындамаған 5 Өзбекстан Республикасы азаматының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Іс-шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 20 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тиісті шаралар көрілді.
Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп- келушілерді заңнама талаптарын бұза отырып тартып, олардың еңбегін заңсыз пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша 7 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі