ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бағытында жиын өткізілді.
Отанымыздың маңызды құжатының өзектілігін Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы Гүлмира Ермағамбетова баяндап берді. Өзінің баяндауында қызметкерлерге мемлекеттер арасындағы сенімнің бұзылуына алып келетін халықаралық терроризмнің әлемге төніп тұрған қаупі туралы атап өтті.
2015 жылғы 30 қарашадағы жолдауда Президент: «Ағымдағы өзекті ғаламдық дағдарыс біздің басымызға кенеттен туған жоқ. Бұл іс жүзінде болмай қалмайтын жаһандық жаңа толқын, - деп мен бірнеше мәрте айтқан болатынмын. Бұл жолы Қазақстан дағдарысқа қарсы стратегияны алғаш рет қабылдағалы отыр» - деп, жолдаудың бейнетрансляция барысында: еліміздің өсуі, реформалары мен дамуы туралы түсінік қалыптастырды. Жиын кезінде ғаламдық дағдарыс кезінде «қаражатты үнемді пайдалану» қазына саясатының ең дұрыс принципі екені анық айқындалды.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекеме ұжымы «Мәңгілік ел» идеясын қолдайды және еліміздің бірлігі мен еркін бірлестігі, салт – дәстүрі Отанымыздың әл – ауқатын жаңа дәрежеге жеткізетіндігіне кәміл сенеді.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және
авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ