ОБЛЫСТЫҚ СОТ 11 АЙДАҒЫ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында облыс соттарының 2015 жылдың 11 айында сот әділдігін жүзеге асыру бағытында атқарған жұмыстары бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Оған Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков, облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестірушісі Артур Наримов, Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы А.Дәуренбеков, облыстық соттың кеңсе басшысының орынбасары С.Смағұлова, БАҚ өкілдері қатысты.
Баспасөз конференциясын облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков пен облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестірушісі Артур Наримов жүргізді.
Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков айыппұл түріндегі жазалардың орындалуы мен жер даулары, сонымен қатар, неке бұзылуы санатындағы істердің қаралу барысы туралы өз пікірін айтып өтті.
Облыстық сот төрағасы Н.Қайырбеков: «Айыппұл түріндегі жаза Қазақстан Республикасы ҚК-нің 40-бабында негізгі жаза ретінде көрсетілген. Сотталған адам сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлды төлеуге міндетті. Сотталушылардың айыппұлды төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, сот орындаушысының ескертуіне қарамастан, оны төлемесе, айыппұлды қасақана төлеуден жалтаруын білдіреді, сонымен бірге дәл осы мерзімде төлемесе, сот орындаушы сотқа ұсыныс беріп, сот берілген жазаны өзге жазаға, яғни, бас бостандығынан айыру жазасына тағайындайтынын» айтып өтті.
Судья А.Наримов 2015 жылдың 11 айында азаматтық, әкімшілік істер мен қылмыстық істер жөніндегі сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне мәліметтер берді.
Азаматтық істер бойынша: 2015 жылдың 11 айында аудандық және оған теңестірілген соттарының өндірісіне 22144 талап арыз, арыз, 2014 жылы -22111/, оның ішінде Электронды түрде облыс соттарына барлығы 8345 талап арыз түскен /2014 жылы 4090/. Өткен жылдың есепті кезеңінде облыс соттарымен шешім шығару арқылы 13001 іс аяқталса, биылғы жылдың 11 айында 14232 іс бойынша шешім қабылданған, яғни 2015 жылы шешімдер саны 1231 немесе 9,4 пайызға артқан.
Әкімшілік істер бойынша: 2015 жылдың 11 айында аудандық және оған теңестірілген соттарға 16002 әкімшілік іс түсіп (2014 ж. 11 айы – 14486 іс), өткен жылмен салыстырғанда 1516 іске немесе 10,5 пайызға көбейген. Әкімшілік жауаптылыққа 14296 адам тартылып, 1104 адам жөніндегі істер қысқартылған. Қалдықта 146 іс қалған.
Қылмыстық іс бойынша: 2015 жылдың 11 айында жергілікті соттарда 106 қылмыстық іс өткен жылдан қалдыққа қалған, 1515 қылмыстық іс түсіп, 1501 қылмыстық іс 1666 адам бойынша аяқталған. Оның ішінде 902 қылмыстық іс 1038 адамға қатысты үкімдер шығарылған, 604 адам жөніндегі 524 іс өндірістен қысқартылған, заңмен тыйым салынған әрекеттерді есі дұрыс емес халде жасаған 10 адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған. 2014 жылдың 11 айымен (2014 ж. 11 айда - 1289 іс 1433 адам бойынша қаралған).
«Медиация туралы» Заңның қолданысқа енгізілгеннен бастап облыс соттарында медиаторлармен 280 қылмыстық іс қаралып, сотталушылар жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған. /2014 жылы-141 іс/.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қаралған қылмыстық істер жөнінде айтар болсақ, 2015 жылдың 11 айында аудандық және оған теңестірілген соттарда 39 адамға қатысты 26 іс аяқталған.
Іс-шара соңында облыстық сот төрағасы Н.Қайырбеков сот жүйесінде қаралып жатқан қоғамдық пікір тудырған істер жайлы тоқталып өтті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі