ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДЕ
Адам өз тарихында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда аз күш жұмсаған жоқ. Сыбайластық әр кезде барлық уақытта қоғамға әсер етіп келеді. Мұндай құбылысты өмірден жойып жіберу мүмкін емес, бірақ сыбайластықтың жолын кесуді ең төменгі деңгейге дейін жеткізу керек.
Осы сыбайластықтың алдын алу бағытында Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облысы филиалының өкілінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналысты Кадр жұмысы бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет майоры Е.Орынбаев ашып, ол Қазақстан Республикасының «ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, ҚР Президентінің «ҚР Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығын тыңдаушыларға оқып, алдағы уақытта қызметкерлер арасында сыбайластыққа жол бермеу профилактикалық іс – шараларын жүргізіп тұру туралы түсіндірді.
Одан әрі офицерлік құрамға сыбайластық заң бұзушылықтар мен қылмысқа итермеушілік сияқты көріністер орын алған жағдайда қалай әрекет ету туралы тәртібі түсіндірілді.
Жиналысты қорытындылай келе, өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне қызметтік тәртіпті, еңбек және әскери тәртіпті қатаң сақтауды және Ар – намыс Кодексін үнемі жадыдан шығармауды тапсырды.
«Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің орын алу фактілерін байқасаңыз, 23 60 68 мекеменің сенім телефонына тәулік бойы хабарласуды сұраймыз.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және
авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ