МАҚСАТТЫ БАҒДАРЛАМА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
Байқоныр қаласында халықққа әлеуметтік көмек көрсету басқармасымен «Жаза өтеу орындарынан босатылған және қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік бейімделуге ықпал жасау жөніндегі Байқоныр қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламасы» құрылған. Аталған бағадарламаны атқарушы биліктің федералды органдары, Ресей Федераиясының құқық қорғау органдарымен Байқоңыр қаласындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау, атқарушы органдары және басқа да мәселелерді шешуде тиімді ықпал ететін мемлекеттік органдар іске асырады.
Байқоныр қалалық Пробация қызметінің ұсынысымен «Жаза өтеу орындарынан босатылған және қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік бейімделуге ықпал жасау жөніндегі Байқоныр қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасына» мүше ретінде қабылданды.
Аталған бағдарламаны іске асыру бойынша үстіміздегі жылдың желтоқсан айының алғашқы күндері әлеуметтік көмекті қажет ететін пробация қызметінің есебінде тұрған баспанасыз қалған сотталған Т.Байдулдаевқа мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер кілті табысталды.Байқоңыр қаласының тумасы сотталған Т.Байдулдаев түзеу мекемесінде жаза мерзімін өтеп жүргенде анасы қайтыс болып, пәтерлерінен тіркеуден шығып, жаза өтеу орнынан оралғанда далада қалған болатын. Қазіргі уақытта пәтер кілтімен қоса сотталғанға бостандықта өмір сүруге бейімделуде пробация қызметінің ықпалымен әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы басқа да қажетті көмектер көрсетілуде.
Сонымен қатар екі кәмелетке толмаған балалары бар жалғыз басты ана Л.Гаврилованың тұрмыстық жағдайы зерттеліп, баспана беру мәселесі комиссиямен қаралуда. Қазіргі уақытта Қармақшы аудандық азаматтық хал актілер тіркеу бөлімі комуналдық мемлекеттік мекемесінің Байқоңыр қаласы бойынша секторымен комуналдық төлемдеріне жәрдем ақша бөлініп, екі баласына жәрдемақы тағайындалып,төленуде .
Н. БАЙМУРЗАЕВ,
Байқоңыр қалалық ПҚ бөлім бастығы
әділет капитаны