СТУДЕНТТЕР СОТ ПРОЦЕСІН ӨТКІЗДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құқықтану факультетінің 3-курс студенттері сот процесін өткізді.
Сот мәжілісінде төрағалық етуші судья, прокурор, жәбірленуші, екі қорғаушы мен екі сотталушыда, куәлерде өздері болды. Қылмыстық істі қараған студент-судья мал ұрлығына байланысты қылмыс бойынша барлық іске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін жаңа процестік кодекске сәйкес дұрыс түсіндіріп шықты. Іске қатысушы студенттер өздерінің білімдерін барынша жақсы көрсетуге тырысты. Студенттердің судьяның мантиясын, прокурордың формасын киіп жүргізген процесте отырғандар расында өткізіліп жатқан сот мәжілісінде отырған сияқты болып сезінді.
Болашақ заңгерлердің өткізген сот процесіне сот төрағасы С.Сүлеймен және судья А.Сабыров қатысып, өз пікірлерін айтты, жіберілген қателіктеріне тоқталды. Одан кейін, студенттер өздерінің ойларын, алған әсерлерін айтып, судьяларға сұрақ қойды. Сөйтіп, қызықты да мағыналы бірлескен іс-шараға өткізілді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі