ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚТЫ
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы бірнеше жылдан бері өрт сөндіру қызметінде еңбегі сіңген аға өрт сөндіруші – құтқарушы Ерлан Жөнбаев пен жүргізуші Нұртас Имнияминовті салтанатпен құрметті еңбек демалысына шығарып салды, деп хабарлады Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ.
Олармен жұмыс атқарған 2000 жылдан бергі уақытта қаншама тарихи оқиғалар болды. Солардың арқасында қиын өрттерді сөндіру мен қаншама құтқару жұмыстары орындалды. Олар өздерін халықтың сенімді адамдары екенін көрсете біліп, саналы ғұмырының жартысын өртке қарсы қызметіне жұмсады.
- Нұртас Имнияминов техникалық сауаты өте жоғары және қызмет барысында автокөлікті қауіпсіз жүргізе білетін өз ісінің білгірі болса, ал Ерлан Жөнбаев өте ұқыпты, біреумен жанжалдасып дауыс көтеруді білмейтін орындаушылық қабілеті жоғары қызметкер болды, - делінген хабарламада.
Қызметкерлерді құрметті демалысқа шығарып салу кезінде бөлім бастығы өртке қарсы қызмет майоры Нұрлыбек Бошқаев өз әріптестеріне қимастық сезіммен үлкен рахметін білдірді. Олардың отбасыларына табыс, келешектеріне абырой, өздеріне зор денсаулық тілеп, алдағы уақытта бейнеттерінің зейнетін көре берулеріне тілектестігін білдірді. Ұжымдастар зейнетке шығып жатқан әріптестеріне ескерткішке сыйлықтарын тапсырып, шын жүректен жайылған ақ дастарханнан дәм ұсынды.