БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫ ҚОРҒА АУДАРЫЛМАҒАН
Сырдария аудандық прокуратурасына Н.Ілиясов ауылының бір топ тұрғыны «Балдырған» балабақшасында еңбек еткен уақытына міндетті зейнетақы жарналарының аударылмағаны жөнінде арызданды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, БЖЗҚ-ға балабақша тарапынан 18 қызметкердің міндетті зейнетақы жарналарының аударылмағаны анықталды. Балабақша меңгерушісінің атына енгізілген ұйғарым негізінде олардың зейнетақы жарналары толық аударылып, конституциялық құқықтары қорғалды.
Назерке САНИЯЗОВА