АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ САРАЛАНУДА
Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Студент жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Шиелі, Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш аудандарында «Бүгінгі жас – ертеңгі ел болашағы» тақырыбында ауыл жастары, оның ішінде жұмысшы, жұмыссыз, тағы да басқа жастармен өзекті мәселелерге қатысты әлеуметтік конференция өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – жастарды «Дипломмен – ауылға!», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламалары, «Жасыл ел» еңбек жасағы, Қызылорда облысы бойынша құрылған «Жас құрылысшылар жасағы» және тағы басқа мемлекеттік бағдарламалар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы кеңінен ақпараттандыру.
Әлеуметтік конференцияға аудандық әлеуметтік сала басшылары, кәсіпкерлер палатасының мамандары қатысып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Жастар бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне қатысты ой-пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді. Ауыл жастарының ұсыныстары қазіргі таңда сараланып, шешілу жолдары қарастырылуда.
«Студент жастар одағы» қоғамдық бірлестігі