«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШ»
Қазақстан халқы Қызылорда облыстық Ассамблеясының хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» орталығы оқушылар мен студенттер арасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты сайыс ұйымдастырды, - деп хабарлады «Сейхунинфо» сайты.
Сайыс барысында сөз алған ғылыми сараптамалық топ мүшесі, саяси ғылымдар кандидаты С.Сахиев жастарды туған жерге адал қызмет етуге, халқының тегін, тарихын білуге және ұлттық рәміздерді құрметтеуге шақырды. Жан-жақты, тартысты өткен шара соңында қатысушылар алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.