ИМАМДАР ҚҰРБАН АЙТҚА ӘЗІРЛІК ЖАЙЫН ПЫСЫҚТАДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда олбысына қарасты барлық аудан және қала имамдары орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіндегі кезекті жиналыста бас қосты. Бұл туралы ҚМДБ өкілдігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Маханбетжан хабарлады. Онда Құрбан айт мерекесіне дайындық, ҚМДБ тарапынан түскен тапсырмалар пысықталды.
1 қыркүйекте елімізде қаржы мен мүлікті заңдастыру науқаны басталғаны белгілі. Өкіл имам Талғат Омаров осыған орай мешіттердің мемлекеттік акт алмаған жер телімдері мен мүліктерін заңдастыру қажеттігін жеткізді. Одан бөлек, сауат ашу курсын жандандыру, барлық облыстардағы медреселерге жіберген шәкірттердің хал-жағдайын қадағалап отыруды тапсырды.
Сонымен қатар алдағы уақытта қоғамдағы өзекті мәлелердің бірі – жаназадағы ысырапшылдық, жанұя жарасымдылығы турасында кең көлемді конференциялар ұйымдастырылатын болады.