ГЕРМАНИЯДА ІС-ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТПЕК
«Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңіндегі 2016 жылы Германияға 4 апталық тегін тәжірибеден өту сапарына Қызылорда облысынан баратын кәсіпкерлер анықталды.
Бұл тізімге енген жергілікті кәсіпкерлер "Keysource Казахстан" ЖШС директоры Жанна Аманова және «Жанай Тазалық Сервис» ЖШС химиялық-тазалау цехының директоры Бахтияр Алиев.
Кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасының «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында бірінші кезеңде 2 апталық оқыту курсынан өтті. Тематикалық бизнес-тәжірибеден өтуге өтініш берген қатысушылар өз бизнесінің дамуына жасалған бизнес-жоспарларын сәтті қорғап шықты. Сонымен қатар, іс-тәжірибеге баратын кәсіпкерлерді халықаралық комиссия мүшелері анықтады.
Қызылордалық топ-менеджерлер бизнес-тәжірибеде өз бизнесін дамыту мақсатында шетелдік компаниялармен іскерлік байланыс орната отырып, жаңа қадамдар қарастыруды жоспарлайды.
Алиев Бахтиярдың сөзінше Германиядан өзінің кір жуу және химиялық тазалау цехына жаңа технология сатып алуды, соның нәтижесінде токыма матадан жасалған өнімдерді тазалаудың соңғы үлгідегі модельдерін ендіруді мақсат етіп отыр.
Жобаның екінші қатысушысы Жанна Аманова қазіргі таңда өз бизнесін әртараптандыру мәселесі туындап отырғанын атап өтті. "Keysource Казахстан" ЖШС 5 жылдан бері бизнес-ледидің басқаруында мұнай-газ компанияларына құрал-жабдықтар жетізумен және консалтингтік қызметтер көрсетумен айналысып келеді. Бизнес-стажировкадан өткен соң топ-менеджер келесі кезекте күнбағыс дәнегін қаптамамен шығару өндірісін қолға алып, жаңа бизнес-бағытты ашуды көздейді.
Еске сала өтсек, «Іскерлік байланыстар» жобасын Даму Қоры 2011 жылдан бері «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасы аясында жүзеге асырып келеді. Аталған жоба аясында шағын және орта бизнес субъектілеріне шетелдік компаниялармен іскерлік байланыстар құру арқылы технологияны трансферттеу, жаңа құрал-жабдық сатып алу, тауар жеткізу, қызмет пен жұмыс ұсыну, франшиза мен лицензияларға қол жеткізу, шетелдік және халықаралық мекемелердің гранттарын алу, өзара бірлескен кәсіпорындар құру сияқты мәслелерді шешуге қолдау көрсетеді.