ҚЫЗЫЛОРДА ОТД ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚҰРМЕТТІ ДЕМАЛЫСҚА ШЫҚТЫ
Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясының ұжымы дирекцияның техникалық директорының орынбасары Қожантаев Кеңесбай Төремұратұлын құрметті еңбек демалысына шығарып салды.
Филиал басшылығы және байланыс саласы қызметкерлері кәсіподағының өкілдері Кеңесбай Төремұратұлын Қызылорда облысының байланыс саласын қалыптастыруға үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Салтанатты жиында көптеген ізгі тілек айтылды. Ұжым алдында Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясының уақытша бас директоры Бақытбек Қалықов сөз сөйлеп, зейнеткерді компанияның игілігі үшін атқарған еңбегі үшін алғысын жеткізді.
«Барлығыңызға денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбекте табыс тілеймін. Компаниямыз алға өрлей берсін», - деп Кеңесбай Қожантаев ризашылығын білдірді