МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ПАРА БЕРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУРАЛЫ
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті биылғы жыл басынан бері қызметкерлерге жосықсыз кәсіпкерлер мен азаматтар тарапынан пара ұсынудың 6 жағдайының жолын кесті.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитеті өз қатарындағы заңбұзушылармен қатар, жосықсыз салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілерін төмендету үшін батыл шаралар көруде.
Комитеттің бастамасымен пара ұсыну жағдайларын анықтаудағы қызметкерлер белсенділігін арттыру шаралары қолға алынды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұра білуде саналылықты білдіретін лауазымды тұлғаларға материалдық көтермелеу шараларын қарастыру да бар.
Нәтижесінде, 2015 жыл басынан бері мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін лауазымдық міндеттерін атқару барысында пара алуға итермелеудің 6 фактісі анықталды.
Үстіміздегі жылдың қараша айында Алматы қаласы және Шығыс-Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармалары Жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, тексеру кезінде анықталған заңбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершіліктен жалтаруға көмек көрсеткені үшін қызметкерлерге пара беруге тырысқан 2 жағдайдың алдын алды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 367 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бұдан бұрын анықталған осыған ұқсас фактілер бойынша Жамбыл облысы бойынша МКД қызметшісін пара алуға итермелеген азамат Г. сотталып, заңсыз берілген сыйақының 20 еселенген көлемінде айыппұлға тартылды.
Осыған орай, Мемлекеттік кірістер комитеті, лауазымды тұлғаларға пара беру үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қаралғанын ескертеді. Яғни, берілген сыйақының 20-дан 50-ге дейін еселенген мөлшерінде айыппұлмен қатар, 3 жылдан 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеумен бірге, қарастырылған.
Сонымен қатар, Комитет, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан пара алу және өзге де заңға қайшы әрекеттер туралы ақпарат болса, Комитеттің Ішкі қауіпсіздік басқармасына 8 (7172) 709051; 709977 телефондары және 8 (7172) 322087 факс бойынша жүгінуге болатынын хабарлайды.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі