АИТВ – ҒАСЫР ІНДЕТІ
АИТВ-жұқпасының - онкологиялық және жұқпалы ауруларға қарсы иммундық қорғаныстың әлсіреуіне әкелетін, иммундық жүйенің баяу прогрессивті вирустық ауруы болып табылады. Оның салдарынан адамдардың иммунитеті төмендеп, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) деп аталатын екіншілік жұқпалы немесе ісік аурулары пайда болады.
АИТВ және ЖИТС алғаш тіркелуі ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында пайда болды. Қазір бұл атаулар тіпті балаға да белгілі. Бұл жаһандық аурудың емі әзірге табылған жоқ, және оның таралуының тоқтатудың жалғыз жолы -адамдарды қауіпті вируспен зақымданудан сақтануға үйрету.
2015 жылдың 10 қараша - 10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі республикамызда ЖИТС-ке қарсы күресу айлығын жариялады.
Осыған орай ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» (Қызылорда қаласы) ММ-нің құтқарушыларын қатыстыра отырып6 медициналық-психологиялық қызметінің жұмысы бойынша «СПИД-ғасыр індеті!» тақырыбында жасақ базасында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс- шараға облыстық наркология орталығының нарколог дәрігері Жолдыбекова Н.Ж, ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының дәрігері Айтмағанбетқызы Ж. және Айтбай мешітінің бас имамы қатыстырылды.
Шақырылған мамандар «СПИД-ғасыр індеті!» тақырыбы бойынша кең көлемде мағлұматтар оқыды, жасақ құтқарушыларына бейнероликтер көрсетілді және ескерту парақшаларын таратты.
Құтқарушылар тақырып бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы