ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ
1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында «3 желтоқсан -Халықаралық мүгедектер күні» деп жарияланған. Бұл күні қоғамдағы әлеуметтік топтардың тепе теңдігінің сақталуы қажет деп түсінеді ұлтымыз.
Осыған байланысты 2015 жылдың желтоқсан айының 2-4 күндері «Тең мүмкіндіктер жолы» атты республикалық акциясы аясында Ішкі істер органдарының мүгедек-ардагерлерінің үйлерін аралап, жағдайларын сұрап, материалдық көмек көрсету мақсатында жұмыстар ұйымдастырылды.
Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті басшылығы үш жанұяға қайырымдылық көмек көрсетті. Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасында жедел уәкіл болып жұмыс атқарып, зейнетке шыққан ардагер Байбазаров Әбдікәрім бүгінде 67 жаста. Қиын қызметте жүріп адал еңбек жасаған Әбдікәрім ағайдың шаңырағына арнайы барған Қызылорда ОІІД кадр жұмыстары басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Нұрманов пен Қызылорда ОІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мылтықбай Пейісов ардагер Әбдікәрім Байбазаровты құттықтап, мерекелік сый ұсынды.
Мұнан соң ішкі істер органдарының ардагерлері учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарған Мұрат Байзуновтың және жедел уәкіл қызметін атқарған Алтынбек Қанатбаевтың үйлеріне барған департамент басшылығы бұл отбасыларға азық-түлік жеткізіп, қайырымдылық көрсетті. Үш ардагердің де мерекесі қарсаңында қайырымдылық шараға көңілі марқайып, департамент басшылығына алғысын жаудырды. Сыр сақшыларының еңбегінің ұшан-теңіз екендігін айтып, қайраттары арта берсін деген тілегін жеткізді.
Осындай игілікті шаралар департамент тарапынан бұрын-соңды да дәстүрлі түрде атқарылып келеді. Бұл халыққа сіңген еңбектің елеусіз қалмайтындығының айғағы болса керек-ті.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі