БИЫЛ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЭКСТРАДИЦИЯЛЫҚ ҚАМАУ ШАРАСЫ ҚОЛДАНЫЛМАДЫ
Өткен жылы Қызылорда облысының құқық қорғау органдары мемлекетаралық іздеудегі Ресей Федерациясының, Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларының 3 азаматына қатысты экстрадициялық қамау шарасын қолданған.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, соның 1-еуі – ресейлік азамат Минск Конвенциясына сәйкес берілуге жатпайтын болғандықтан қамаудан босатылды. Қалғаны екі елдің құзырлы органдарға берілген.
Ал биыл жыл басынан бері бұл бағытта шет ел азаматтарына қатысты экстрадициялық қамау шарасы қолданылған жоқ. Өткен жылы халықаралық ынтымақтастық саласы бойынша прокуратура органдары 2 рет тексеру жүргізіп, анықталған заңбұзушылықтарға байланысты 5 прокурорлық ықпал ету актісін жасаған. Нәтижесінде құқық қорғау органдарының 7 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылса, осы жылы бұл көрсеткіш 8-ге жеткен.