ЖАСТАР ДОСТЫҚ ПЕН КЕЛІСІМДІ ҚОЛДАЙДЫ
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінде «Ұлтаралық толеранттылық – бейбітшілік пен татулық кепілі» атты дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлады «Кызылординские вести» газеті.
Басқосуға қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақстандықтардың бірлігін нығайтудағы роліне тоқталды. Аталмыш ұйымның жұмысының нәтижесінде елімізде этносаралық және ұлтаралық келісімнің озық үлгісі қалыптасты. Ассамблея қызметі Қазақстанның халықаралық беделінің артуына септігін тигізіп келеді.
Дөңгелек үстел басында колледж бен басқа да ЖОО студенттері жас ұрпақты патриоттық, толеранттылық рухында тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерді сақтау, әртүрлі этнос өкілдері арасындағы достық пен сенімді нығайту тақырыбында өзара ой бөлісті.