ҚЫЗЫЛОРДАДА «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ЖОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 3 желтоқсанды Халықаралық мүгедектер күні деп жариялап, бүкіл мемлекеттерді және халықаралық ұйымдарды осы күнді өткізу барысында ынтымақтасуға шақырған болатын. Қазіргі уақытта 650 милионнан астам адам немесе әлем халқының 10% мүгедектіктің әртүрлі нысанына ие. Осы мақсатта бүгін «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы басталды. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Акцияның мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыруға жұртшылықтың назарын аудару, жол жүрісіне қатысушылардың әдепті қарым-қатынас жасау қажеттілігі және оларды жолда тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету мен қоғамдық қолдау көрсету болып табылады. Аталмыш акция желтоқсан айының 4-не дейін жалғасатын болады.