«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ» АТТЫ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ АКЦИЯ БАСТАЛДЫ
Әйелдерге қатысты әртүрлі дискриминация түрлерін жою туралы Конвенцияға сәйкес жыл сайын 25 қарашада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты ұранымен Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталып өтуде.
Осы орайда, республика көлемінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, жолын кесу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру, сондай-ақ әйелдердің өздерінің құқықтық білімін арттыру мақсатында «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты ақпараттық – насихаттау акциясы басталды.
Қызылорда ОІІД-ті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен өткізілетін акция туралы ақпараттары бар буклеттерді халық көп шоғырланған (демалыс саябақтарында, орталық алаңдарда, базарларда және т.б.) жерлерде түсіндіріп, таратылуда.
Жалпы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауда ішкі істер органдарының жұмыстарын ұйымдастыру тобымен 2015 жылдың 10 ай көлемінде 1693 қылмыстық іс-әрекет тіркелсе, оның ішінде 663-не қатысты қылмыстық іс қозғалған. Өткен жылмен салыстырғанда әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар 72,9 пайызға төмендеген.
Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық зомбылықтар болып отыр. Жалпы күнделікті тәжірибиеде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Себебі: қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі болып табылады.
Мысалы, ағымдағы жылдың 15 ақпанында Қазалы ауданы Ақсуат ауылының тұрғыны, 1970 ж.т. Т.Ш. заңды некедегі әйелі екеуінің арасында жанжал туындап, Ш.Т. асхана пышағымен әйелінің жүрек тұсынан екі рет пышақ жарақатын салып, артынша өз-өзіне екі рет жүрек тұсынан пышақ жарақатын салады. Нәтижесінде, алған дене жарақаттарынан оның әйелі оқиға болған жерде қайтыс болған.
2009 жылғы 4 желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойған болатын. Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық зомбылықтар болып отыр.
2015 жылдың 10 ай көлемінде тұрмыстық ортада құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарға қатысты қорғау нұсқамасын аталған мерзімде 1879 азаматқа шығарылды. ҚР ӘҚБтК-нің 461- бабына сәйкес сот органдарымен 119-азаматқа мінез-құлқына ерекше талап қойылған.
Облыс көлемінде қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен психологтар мен діни қызметшілерімен бірлесіп облыс орталығында орта және жоғарғы оқу орындарында жиналыс өткізіп, әйелдер және кәмелетке толмағандар арасында орын алып отырған өзін-өзі өлтіру деректері бойынша, дәрістер оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетерлік жайт, Елбасымыздың бастамасы бойынша, Ұлттық жоспарға ГЕНДЕРЛІК теңдік стратегиясы енгізіліп, 1998 жылдың 29 шілдесінде «Әйелдерді кемсітудің барлық түрлерін жою туралы» ұлттық комиссиясы құрылса, 1999 жылдың 19 ақпанындағы ҚР ІІМ-нің № 91-ші бұйрығымен Республика көлемінде, соның ішінде Қызылорда облысында да облыс әйелдерінің қоғамдық-саяси, әлеуметтік экономикалық, рухани өмірдегі белсенділігі мен қоғамда рөлін арттыру және олардың азаматтық құқығын, мүдделерін қорғау мақсатында «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы» құрылып, 16 жыл көлемінде қызмет атқаруда.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі