БІЛІКТІ МАМАН ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢЕС БЕРДІ
Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық медицина орталығының арнайы мамандар, кардиолог, невропотолог, нефролог, уролог, хирург, травматолог, аритмолог, ревматолог, онколог, мамолог, терапевт, нейрохирург, андролог дәрігерлері 158 тұрғынды қарап, кеңес берді. Аталған шара екі жақты келісім немесе өзара көмек десе де болады.
Яғни, алдын ала емханалардан кеңес алуға қажетті деген науқастарын зертханалық тексерулерден өткізіп, тар буынды мамандардың кеңесіне әкелінді. Облыстық медицина орталығының мамандары науқастарға және емханаға әріптестік көмек көрсетті десе де болады.
Шара қортындысы бойынша қаладағы барлық емханалармен бірге, Шиелі, Сырдария, Арал, Қазалы аудандарынан келген 158 науқас қаралып, 17-сі жоспарлы түрде стационарға жатқызылатын болса, 78 науқас емхананың бақылауына берілді. 11 науқасқа кардиологтың нұсқауымен арнайы аппараттар кигізіліп, бақылау жасалатын болып шешілді.
Акция алдағы кезеңдерде жалғасын таба бермек.