ІІД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҚ МЕКТЕБІНДЕ ОҚЫДЫ
Кәсіби даярлық мектебінің базасында Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы №5547 әскери бөлімінің қызметкерлеріне төтенше жағдайларды жою жөнінде семинар және бейнесабақтар өткізілді.
Оку барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнінде, сондай – ақ төтенше жағдайлардағы бірінші кезектегі құтқару жұмыстары туралы бейнесабақтар көрсетілді. Тыңдаушылар өрт сөндіру құралдары және оларды қалай қолдану тәсілдерін, сонымен бірге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету әдісін үйренді.
Оқуға Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің психолог, терапевт-дәрігерлері және «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатыстырылды.
Түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету және өрт сөндіргіштерді дұрыс қолдану ережелері іс жүзіндегі сабақтар тыңдаушылардың қызығушылығын туғызды.
Н.КИЯТОВ,
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі»
өртке қарсы қызмет капитаны