ДОМБЫРАШЫЛАР ФЛЕШ-МОБЫ
Еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқытушылары мен оқушылары ерекше акция ұйымдастырды. Республиканың 20 сауда және ойын-сауық орталығында бір мезетте ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай домбырашылардың флеш-мобы өтті.
Қызылордадағы «Жібек жолы» орталығына келушілер музыканттарды көргенде таңданыстарын жасырмады. Қазақы үлгіде киінген 15 адам атақты күйшілердің туындыларын домбырамен әсерлі орындады. Қаладағы Назарбаев Зияткерлік мектебі шараны ұлттық-мәдени құндылықтарды дамыту, халықтық өнерді қабылдау арқылы патриоттық тәрбиені арттыру мақсатында ұйымдастырды.
«Мерекеге орай біздің мектеп түрлі шаралардың онкүндігін бастаған болатын. Соның бірі «Біз – Ұлы дала ұландарымыз» деген тақырыппен өтіп отыр. «Балбырауын», «Адай» сияқты белгілі күйлерді, басқа да аспаптық пьесаларды орындау арқылы оркестр қазақ халқының мәдениеті қаншалықты бай екенін жеткізгісі келді. Одан бөлек, тұрғындар мен қонақтарға бейбітшілік тілеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға асықтық», - дейді тарих пәнінің мұғалімі Нұркен Әбдіжәлиев.
Назерке САНИЯЗОВА