ДОСЫҢА КІТАП СЫЙЛА
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қызылорда қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Вookсrossing» әлеуметтік акциясын ұйымдастырып, ауылдық 2 мектепке 500 астам кітап сыйға тартты.
Вookсrossing – бұл Назарбаев Зияткерлік мектептерінен ауылдағы жалпы білім беретін мектептердің кітапханасына кітап саяхаты. Үш жылдан бері қызылордалық зияткер оқушылар Елбасы күні қарсаңында үйлерінен түрлі кітаптар әкеліп, өзге мектептердегі құрбы-құрдастарымен бөліседі. Биылғы жылы аталмыш акция аясында оқушылар ұстаздарымен бірге көркем және ғылыми-танымдық әдебиеттерден құралған керемет топтама жинақтады.
«Акция аясында барлығы 500-ден астам сан түрлі кітап пен оқу құралдары, сөздіктер мен басқа да пайдалы әдебиеттер жиналды. Оны біз Жалағаш ауданындағы №31 және №201 жалпы білім беретін мектептеріне табыстадық» - дейді мектептің кітапхана меңгерушісі Гүлмариям Түбекбаева
Шара барысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары өзінің құрдастарына кітап оқуға деген қызығушылықты арттыратын мектептегі «100 кітап» секілді жобалар жайында айтып өтті. Ең қызығы, осы кезге дейін бұл туралы естіген ауылдық мектептер сол жоба негізінде өздері де мектеп ішінде «30 кітап оқу акциясын» ұйымдастырыпты.
«Біз әрбір оқушының оқуға міндетті 30 кітаптың тізімін бекіттік. Енді сол әдебиеттерді оқушылар жыл бойына оқып бітіру тиіс. Бұл ең бірінші баланы рухани байытады және «Білімнің көзі кітапта» демекші оқушының білімді, білікті болуға жәрдемдеседі. Бүгінгі сыйға тартқан кітаптар, алдағы уақытта оқушыларымыздың сапалы білім мен саналы тәрбие алу жолында үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын», - дейді №201 мектеп директорының орынбасары Айқын Жақсылықова.
Кітап саяхаты мұнымен тоқталмайды. Алдағы уақытта оқушылар түрлі аңықтамалықтар мен қызықты энциклопедияларды жинақтап, кітапхана қоры аз мектептерге барып салтанатты түрде табыстайтын болады.