КІШКЕНТАЙ БАЛАНЫҢ ТОКҚА ТҮСІП ТІЛІ ШЫҚТЫ
Қызылордалық тілі шықпай жүрген баланың токқа түскеннен кейін тілі шыққан. Бұл жөнінде «Сейхун инфо» сайты белгілі ақын Жанарбек Әшімжанның фейсбук парақшасына сілтеме жасап хабарлады.
«Қайсыбір күні Сызғанов атындағы хирургия орталығына барған едім. Дәлізде бір бала шауып жүр. Жасы 3 жастан асқан, Қызылорданың тумасы. Тілі шықпай жүрген бала ойнап жүріп токқа түсіп қалыпты. 380 вольттық токтан аман қалған бала шыңғырғанда тілі шыққан. Анасының айтуынша, алақаннан ұрған ток жонарқадан көрініпті. Жарты тәулік топыраққа көміп, бетін бері қаратыпты. Қазір ем алуда, тілі сайрап тұр», - делінген ақынның жеке парақшасында.