АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАРАУДА ЗАҢДЫЛЫҚ ЖИІ БҰЗЫЛАДЫ
Қызылорда облысының мемлекеттік органдарында өтініштерді қарау кезінде заңдылықтың бұзылу жағдайлары азаймай тұр. Облыстық прокуратура 17 мемлекеттік органды тексеріп, бірқатар фактіні анықтаған.
Арыз-шағымдар облыс әкімінің аппараты мен әділет департаментінде кеш тіркелген. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, медициналық-фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінде өтініштерді қарау мерзімі бұзылған. Жердің пайдаланылуын қорғауды бақылау басқармасы бірнеше өтінішті жауапсыз қалдырған.
Жекелеген мемлекеттік органдарда арыз-шағым иелеріне бір айда әзер дегенде тиісті сұратулар мен тексерулер жүргізу тәжірибесі қалыптасқан. Ал облыстық әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшылығы жыл басынан бері бірде-бір рет адамды өтініштері бойынша қабылдамаған.
Назерке САНИЯЗОВА