ДДСҰ: ЖЫЛ САЙЫН ӘЛЕМДЕ 800 МЫҢ АСТАМ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТІРКЕЛЕДІ
Жыл сайын әлемде 800 мыңнан астам өзіне-өзі қол салу жағдайлары тіркеледі. Бұл туралы суицидтің алдын алу бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында хабарланды.
Статистика бойынша 15-тен 29 жас аралығындағы адамдар ішінде өзіне-өзі қол жұмсау өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Алайда суицидке әрекет жасауға көбінесе 70-тен асқан қарттар талпынады екен.
Атап айтқанда, ерлер әйелдерге қарағанда өздеріне үш есе жиі қол салады. Сонымен қатар суицидтің төрттен үш бөлігі табыс деңгейі төмен немесе кірісі орташа елдердің үлесінде.
«ҚазАқпарат»