СОТ ОРЫНДАУШЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ШЕШУДІ ҰСЫНДЫ
Қызылорда облысының Тәртіптік кеңесі әділет департаментінің басшысына аға сот орындаушы Н.Есдаулетовті лауазымынан төмендету немесе қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту беруді ұсынды.
Борышкер «Қызылорда су жүйесі» МКК-нан 4 өндіріп алушының пайдасына қаржы өндіру туралы атқару өндірістерін орындау барысында ол департаменттің есепшотындағы қалдық 7 413 297 теңгенің 7 150 000-ын бір ғана өндіріп алушының есепшотына аударған. Мәселені талқылау нәтижесімен Н.Есдаулетовтің әрекетінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағының 12-тармақшасында көзделген сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылық белгілері болғаны анықталды.
Осыған сәйкес департамент басшысына қарамағындағы қызметкерге заң шеңберінде тиісті жауапкершілік қолдану ұсынылды.
Осыған сәйкес департамент басшысына қарамағындағы қызметкерге заң шеңберінде тиісті жауапкершілік қолдану ұсынылды.