ТҰРҒЫНДАР БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ КӨМЕГІНЕ КӨЗ ЖЕТКІЗДІ
Жыл басынан бері аймағымыздағы 157 қылмыс бейнебақылау камераларының көмегімен ашылған. Құқықбұзушылықтар мен түрлі қылмыстардың алдын алу үшін орнатылған мұндай қондырғылар саны қаламызда 243-ті құрайды. Олар көше қиылыстары мен көпқабатты үйлердің ауласында орнатылған. Осы ретте «Тұран» өңірлік даму" қоғамдық қоры облыстық ІІД-мен бірігіп, ашық есік күнін өткізді. ІІД-нің қызметкерлері ашық есік күніне келген қала тұрғындарына көшелерде орнатылған бейнебақылау камераларының жұмысымен жете таныстырып шықты.
Департаментке қарасты жедел жоспарлау басқармасының жүйелі жұмысының нәтижесінде түрлі келеңсіздіктер әшкереленген. Ол туралы басқарма бастығы, полиция подполковнигі Е.Құтыбаев:
- Ағымдағы жылдың 10 айында тиісті сала қызметкерлерімен бірлесе отырып, бейнебақылау камерасының көмегімен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары бойынша барлығы 37679 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, - деді.
Қала тұрғындары бейнебақылау жүйесінің тиімділігін түсінді. Сондай-ақ қылмыстың жедел ашылуына септігі тиетіндігіне көз жеткізді.
Сонымен қатар, шара соңында № 198 мектеп оқушыларына кеңес беріліп, әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.
«Тұран» өңірлік даму» қоғамдық қорының директоры Жасұлан Серіков мұндай құқықтық сауаттылықты арттыратын шаралар әлі де жалғасын табатындығын жеткізді.
Г.Аманғалиқызы