ҮЕҰ-ЛАР МЕН ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР АШЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚОЛДАЙДЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде агенттік және оның аумақтық департаменттерінің қатысуымен бейне байланыс арқылы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әйелдер ұйымдарының, этномәдени және діни бірлестіктерінің рөлі» тақырыбындағы сұхбат алаңы өткізілді.
Сұхбат алаңына департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали және департамент қызметкерлері, республиканың және өңіріміздің әйелдер ұйымдарының, этномәдени және діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру мақсатында агенттікпен әзірленген ынтымақтастық туралы Ашық келісім құжаты талқыланды.
Ашық келісім сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға жалпы қоғамдық күштің біріктірілуін көздейді және осы ұсынылып отырған жаңа бағыт барлық азаматтық қоғам институттарымен біркелкі келісім жасауға ыңғайлы механизм болып табылады.
Қызылорда қалалық мәслихат хатшысы, қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ибадулла Құттықожаев, агенттікпен бірлескен келісімді Кеңес қолдайтынын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мен қоғамдағы қазақстандық патриотизм сезімін нығайтуға дайын екендігін білдірді.
Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Наталья Жұмаділдаева қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнероликтерді көптеп телеарналарда көрсетілуін қолға алу жайлы айтып өтіп, аталған бағытта бірлескен іс-шараларды іске асыруға дайын екендігін мәлімдеді.
Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының президенті Нұрсәуле Мұсаева өз тарапынан Ашық келісімді толық қолдайтынын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру отбасыдан басталатынын атап өтіп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен шаралар оң нәтижелерге жеткізетіндігін жеткізді.