ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТАНДЫРУ – ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ
Кеше Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Туған жер» қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша «Сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқықтық мәдениетін жетілдіру» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаев қатысып, баяндама оқыды. Ол қоғам арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы мәдениетті және «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бойынша департаментпен жүргізіліп жатқан шаралар туралы әңгімелеп, біздің өмірізде қоғам мен сыбайлас жемқорлықтың мүдделері оның қандай да бір көріністерімен үйлеспейтіндігін атап өтті. Сондықтанда сыбайлас жемқорлықпен күрес тек барлығымыз бірлесе отырып осы қоғамдық зұлымға қарсы тұрған жағдайда ғана сәтті болмақ, сонда ғана сыбайлас жемқорлықпен күрес жетістікпен аяқталады.
Сонымен қатар, шараға мемлекеттік емес және жастар ұйымдарының, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының оқытушылары, қаланың белсенді жастары қатысты.
Конференция барысында бүгінгі күні әрбір азамат заңи сауатты болуының тиістілігі, өзідерінің заңды құқықтарын және азаматтық позициясын қорғай білуі керектігі аталып өтті. Қатысушылардың пікірі бойынша құқықтық сауатсыздық – төрешілдік пен сыбайлас жемқорлықтың гүлденуінің басты себептерінің бірі.