ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗДІ
Халық арасында табиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде Қызылорда қаласының аумағындағы су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Қызылорда облысы ТЖД қалалық басқармасы, Қызылорда қаласы әкімшілігі, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және «ҚазСуШар» РМК Қызылорда филиалының қызметкерлерімен бірлесіп қатысты.
Қызылорда қаласы 3-ірілендірілген квартал маңында жүргізілген жұмыстар барысында Сырдария өзенінен жеке қайықтарымен жүзіп өткен Қалғандария елді мекенінің 2 тұрғыны тексеріліп, құтқару кеудешесіз жүріп, қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды.
«Пищевик» саяжайында жергілікті тұрғындарға қысқы мезгілде су айдындарында қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, үнпарақтары таратылды.
ОӨАЖҚЖ