ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ
2015 жылдың 24 қараша күні, бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік» күні өткізілді.
Сотқа қала тұрғыны Ж.Демеубаев келіп, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген сот жүйесіндегі жаңа реформалар туралы сұрады.
Қабылдауды жүргізген сот төрағасы Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы сот қауымдастығына қойылған талаптар туралы, сот жүйесінің жалпы жұмысы жөнінде, енгізіліп жатқан жаңа технологиялар туралы айтып берді. Одан басқа азаматты толғандырып жүрген еңбек даулары жөніндегі сұрақтарға толық жауап берді.
Осындай «Ашық есік» күндері сотта ай сайын өткізіледі және қала мен облыстың кез келген азаматы осы күні сотқа келіп, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап ала алады.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі