ҚИЫН ПӘНДЕР АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАДЫ
10 жылдан кейін Қазақстандағы мектептердегі жоғары сыныптарда қиын пәндер ағылшын тілінде оқытылады. Бұндай шаралар 2015-2020 жылдарға арналған үш тілді білімді дамытудың Жол картасында белгіленген.
«Жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқыту төрт пән бойынша жүргізіледі, яғни информатика, физика, химия және билогия ағылшын тілінде өтеді», - деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Мариям Мұқатова.
Оның сөзіне қарағанда, Жол картасы аясында барша деңгейде үш тілді білімге көшудің кестесі даярлануда. Осы орайда жоғары сыныптарда білім беруді ағылшын тіліне ауыстыру кестесі де ескеріліп отыр.
«2017-2018 оқу жылында бесінші сыныпқа ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқып келе жатқан балалар келеді. Айта кетейік, 2013 жылы бірінші сыныптың бағдарламасына ағылшын тілі енгізілген болатын. Осы уақыттан бастап жоғары сыныптарда ағылшын тілін оқытуға көшудің даярлық кезеңі басталады», - деп тоқталды ол.
М. Мұқатованың сөзінше, негізгі мектепте ағылшын тілі сабақтарында аталған төрт пәннің материалдары пайдаланылады. Бесінші сыныптан бастап оқушылар ағылшын тілінде осы пәндер бағытында терминологияларды оқитын болады.
«Кестеге сәйкес, 2022-2023 оқу жылында ағылшын тілінде білім беруге көшу қазақ-түрік лицейінде, халықаралық мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде іске асырылады. 2023-2024 оқу жылында барша білім беру мектептерінде көшу жоспарланған», - деді ол.
«ҚазАқпарат»