ҰБТ-НЫҢ СЫНАМА КІТАПШАЛАРЫН АЛУҒА 12 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
Жыл басынан бері Қызылорда қаласының мектептеріне ҰБТ-ға байланысты тегін сынама кітапшалары таратылуда. Жергілікті бюджеттен бұл үшін 12 млн. теңге бөлінген.
Қалалық білім бөлімінен хабарлағандай, сынаққа дайындық есебінде бүгінде оқушылардан тұрақты түрде тест алынып тұрады. Жаңақорғандағы облыстық олимпиадаға дайындық және қосымша білім беру орталығында қосымша дайындық жұмыстарына қалалық бюджеттен 14 млн. теңге қарастырылған. Онда балаларға 20 шақты мұғалім сабақ береді.
Қызылорда қаласы бойынша 2014-2015 оқу жылында 49 мектептің 11-сыныбында 1 891 оқушы білім алуда. Оның 1 630-ы немесе 86,2%-ы ҰБТ-ға қатысуға ынталы.
Назерке САНИЯЗОВА
Қызылорда қаласы бойынша 2014-2015 оқу жылында 49 мектептің 11-сыныбында 1 891 оқушы білім алуда. Оның 1 630-ы немесе 86,2%-ы ҰБТ-ға қатысуға ынталы.
Назерке САНИЯЗОВА